Мұнай және Нигерия халықтары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нигерия Федеративтік Республикасының аумағы мұхиттан жағалаудағы батпақтардың тар жолағы созылып жатқан құмды жағажайлармен бөлінген. Елдің оңтүстік бөлігі солтүстікке қарай біртіндеп көтеріліп, сатылы Джоя үстіртіне ауысатын теңіз жағасындағы жазықта орналасқан.
Нигерияның басты су күретамары — Нигер өзені елді солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай қиып өтіп, Атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына құятын жерінде ауданы 86 мың км2 болатын орасан үлкен атырау құрайды.
Жағалаудағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшөрі 1800-ден 3800 мм-ге дейін жетсе, елдің солтүстігінде 25 мм-ден де аз болады. Өзен аңғарлары мен жағалауда жауын-шашынның мол түсуі дәнді дақылдардың, әсіресе күріштің мол өнімін өсіруге мүмкіндік береді. Теңіз шығысындағы жазықты басты байлығы қызыл ағаш болып табылатын жауын-шашын мол жауатын тропиктік ормандар жауып жатыр.
Солтүстікке қарай ормандар сиреп, егіншіліктің негізгі аудмндары биік шөпті саванналарга жол береді. Одан әрі саванналар шөлге ұласатын Сахель шөлейтімен алмасады.