Миллиардерлер тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Әлемдік миллиардерлер тізімі — америкалық Forbes іскерлік журналының миллиардер болып табылатын, яғни капиталы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын адамдардың жыл сайынғы рейтингі. Ең алғашқы рейтинг 1987 жылғы наурыз айында жарияланды.[1] Жыл сайынғы бұл тізімге мүлкін түсініксіз немесе теріс жолмен тапқан және диктаторлар мен олардың отбасыларының мүшелері кірмейді.
Әлемнің ең алғашқы долларлық миллиардері болып 29 қыркүйек 1916 жылы Standard Oil компаниясын ашқан Джон Рокфеллер атанды.
Forbes мәліметі бойынша 2001 жылы әлемде 564 миллиардерлер болса, 2023 жылы олардың саны 2668-ге жетті.[2]