Микрораптор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Микрораптор — дромеозаврид динозаврлар тобына жататын шағын денелі динозавр. Шамамен 20-ға жуық жақсы сақталған сүйектері Қытайдың Ляонин деген жерінен табылды. Динозавр бұдан 120-110 миллион жыл бұрын ерте Бор дәуірінде өмір сүрген. Микрораптордың алдыңғы аяқтарында, ұйрығында, таңғаларлығы артқы аяқтарында ұзын қауырсындары болған. Ол бір қарағанда қанатқа ұқсайтын. Ересектерінің ұзындығы - 80 см, салмағы 1 келі. Микрораптор біз білетін динозаврлардың ішіндегі ең кішкентайы. Ол - өте шағын, ұша алатын, бірақ құс тобына жатпайтын динозаврлардың алғашқысы.