Меандр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Меандр немесе Өзен ирелеңі — (Кіші Азиядағы ирелеңділігі аса жоғары өзен аты) — өзен айналымы, жазық өзендері арнасының баяу ағысты иіндері. Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Меандрдың қалыптасуына негізгі өзен ағынымен сәйкес емес ағыстар себепші болады: беткі ақпалар ойыс жағаға, ал тасындыға қаныққан түптік акпалар шығыңқы жағаға карай бағытталады. Ойыс жаға, әдетте, тік әрі биік, шығыңқы жаға қайырланған, көлбеу болып келеді. Өзен иіндері біртіндеп тұзақ сипатқа ауысады. М. — шектелген, еркін, бітпеген болып жіктеледі. [1] Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар, өзен ирелеңінің екі түрі бар:
- тосын өзен ирелеңі — өзен аңғарындағы шайылмайтын берік телімдерді тасқынның айналып өтуінен пайда болады;
- еркін өзен ирелеңі — тұрақты пішін жасамайды, уақыт өткен сайын арнасын өзгертіп және өзеннің ағыс бағытымен орын алмастырып отырады.[2]