Мауна-Кеа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мауна-Кеа (Mauna Kea; гавайлықтарша — ақтау) — Тынық мұхиттың Гавайи аралындағы (АҚШ) сөнген жанартау. Биіктігі - 4202 м. Базальтты және андезитті лавалардан түзілген. Кратері сақталмаған, жазық шыңдарын қар басып жатады. Солтүстік және солтүстік-шығыс беткейлерінде ылғалды тропиктік ормандар, оңтүстік беткейлерінде саванналар таралған. Тропиктік дақылдар (ананас, қант қамысы, банан, кофе ағашы) өседі.