Малахит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Малахит (гр. malache — мальва, өсімдік түсіндей жасыл жапыраққа ұқсастығымен аталған) — минерал, карбонаттар класына жатады. Химиялық формуласы Cu2[CO3](ОН)2, CuO — 71,9% (Cu — 57,4%), СО2 — 19,9%, Н2О — 8,2%, аз мөлшерде СаО, Fe2O3, SіO2, т.б. кездеседі. малахиттің түсі ашық жасыл, көгілдір жасыл, қою жасыл, қаттылығы 3,5 — 4,0, сынғыш, тығыздығы 3900 — 4100 кг/м3. Малахит табиғатта ірі мыс кендерінің жер бетіне жақын тотық қабаттарында болады. Үлкен шоғырлы жиынтықтары (50 т-ға дейін) сирек кездеседі, олар негізінен 18 — 19 ғасырларда Ресейде (Төменгі Тагил|Төменгі Тагил аймағында), Чилиде өндірілген. Түрлі зергерлік және әшекейлік көркем бұйымдар жасауда қолданылады.[4] Ұсақталған түрлерінен бояу, тотық минералдарымен аралас бөлшектерінен мыс өндіріледі. Қазақстанда Қоңырат, Жезқазған, т.б. мыс кендерінің тотық қабаттарында өндірілген ірі малахит бөлшектерінің эталондары Геологиялық ғылымдар институтында сақталған.
Malachite | |
---|---|
Malachite from the Congo | |
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | Cu2CO3(OH)2 |
Strunz classification | 05.BA.10 |
Ерекшеліктері | |
Молярлық массасы | 221.1 g/mol |
Түсі | Bright green, dark green, blackish green, commonly banded in masses; green to yellowish green in transmitted light |
Кристал пішіні | Massive, botryoidal, stalactitic, crystals are acicular to tabular prismatic |
Сингониясы | Monoclinic—prismatic H-M Symbol (2/m) Space group P21/a |
Twinning | Common as contact or penetration twins on {100} and {201}. Polysynthetic twinning also present. |
Үгітіндісі | Perfect on {201} fair on {010} |
Агреттары | Subconchoidal to uneven |
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 3.5–4.0 |
Streak | light green |
Diaphaneity | Translucent to opaque |
Үлес салмағы | 3.6–4 |
Оптикалық сипаты | Biaxial (–) |
Refractive index | nα = 1.655 nβ = 1.875 nγ = 1.909 |
Birefringence | δ = 0.254 |
Дереккөздер | [1][2][3] |