Лэнс Армстронг
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лэнс Эдвард Армстронг (ағылш. Lance Edward Armstrong, туған кездегі тегі Гундерсон) (18 қыркүйек, 1971 жыл) — америкалық кәсіпқой велошабандоз. Әлемдегі ең танымал көпкүндік Le Tour de France жарысының жеті дүркін жеңімпазы (1999, 2000, 2001, 2002, 2003 және 2004 жылдары Us Postal командасында, ал 2005 жылы Discovery Channel сапында жеңген) болғанымен допинг пайдаланғаны үшін барлық атақтары кері қайтарылды. 2008 жылдың 9-шы қыркүйегінде Армстронг үлген спортқа қайта келгісі келетінін мәлімдеді, оның қайта оралуы Калифорния турынан басталмақшы. 2009 жылғы маусымнан бастап ол қазақ Астана велоклубы намысын қорғайды. Осы жылы ол Тур де Франста Астана сапында 3 орын алады. 2010 жылы ол Астанадан кетіп өзінің Team RadioShack командасын құрып, 2010 жылғы Тур де Франста командалық есепте алғашқы орын алады. 2012 жылдың тамызында Лэнс Армстронг өмір бойына дисквалификацияланып, атақтарының бәрінен айырылатын болды, Америка антидопинг агенттігі оның тыйым салынған дәрілерді қолданғанын анықтады. Велошабандоздықты 2011 жылы аяқтаған Армстронг Тур де Франста жеті мәрте жеңімпаз атанып, сонымен қатар Сидней Олимпиадасында қола жүлдені алған болатын.
Лэнс Армстронг | ||||||||||
ағылш. Lance Armstrong | ||||||||||
Жалпы мәлімет | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Лақап аты |
Босс | |||||||||
Туған күні |
18 қыркүйек 1971 (1971-09-18) (52 жас) | |||||||||
Туған жері | ||||||||||
Бойы |
177 см | |||||||||
Салмағы |
71 кг | |||||||||
Шабандоз туралы мағлұмат | ||||||||||
Мамандануы |
универсал, көпкүндік жарыс | |||||||||
Әуесқой командалары | ||||||||||
| ||||||||||
Кәсіби командалар | ||||||||||
| ||||||||||
Басты жеңістер | ||||||||||
Әлем чемпионаттары (1993) | ||||||||||
Медальдары | ||||||||||
| ||||||||||
Мемлекеттік және басқа да марапаттар | ||||||||||
2013 жылы қаңтар айында Америкалық шабандоз допинг пайдаланғаны жайлы ресми мәлімдемесін журналистке берген сұхбатында жариялады [1] Сонымен бірге ол Сидней олимпиадасының да қола медалінен айрылған.[2]