Лаура Басси
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лаура Мария Катерина Басси (29 қазан 1711 — 20 ақпан 1778) — итальяндық физик және академик. "Минерва" (даналық құдайы) ретінде танылған және бейнеленген әлемдегі екінші әйел (1678 жылы доктор дәрежесін алған философ Елена Корнаро Пископиядан кейін) және 1678 жылы докторлық дәрежесін алған алғашқы әйел болды. Ғылым докторы дәрежесіне ие болды.[1][2] Болон университетінде жұмыс істей отырып, университеттегі алғашқы әйел оқытушы болды. Шын мәнінде, ол бір кездері ең жоғары жалақы алатын қызметкер болған. Ақыр соңында университеттің әлемдегі алғашқы әйел профессоры болды.[3] Ол сонымен қатар 1732 жылы Болон институтының Ғылым Академиясына сайланған кезде, ғылыми мекеменің алғашқы әйел мүшесі болды.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2023-12-19, 20:58 кезінде (4 ай бұрын) Crystal8unicorn (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2020) |
Лаура Басси | |
итал. Laura Maria Caterina Bassi | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Альма-матер |
Болонья Университеті |
Ғылыми жетекші |
Просперо Лоренцо Ламбертини (Рим Папасы Бенедикт XIV ) |
Атақты шәкірттері |
Лаззаро Спалланцани |
Несімен белгілі |
Университет профессоры болған алғашқы әйел. Италияда Ньютон механикасын танымал етуші. |
Бассидің ресми білімі жоқ және бес жастан жиырма жасқа дейін жеке сабақтар алып жүрді. Осы уақытқа дейін ол барлық негізгі пәндерді, соның ішінде жаратылыстану ғылымдары мен математиканы жақсы білді. Болонья архиепископы Просперо Ламбертини (кейінірек Рим Папасы Бенедикт XIV) Бассидың қабілеттерін байқап, оның қамқоршысы болды. Ламбертинидің бастамасымен 1732 жылы 17 сәуірде Болон университетінің профессорлары алдында қырық тоғыз диссертация қорғады, сол үшін 12 мамырда оған докторлық дәреже берілді. Бір айдан кейін университет оны алғашқы әйел оқытушы етіп тағайындады, бірақ тек ерлер сабақтарын өткізуге шектеу қойылды. Ламбертини, оған 1740 жылы университет ұсынған жеке сабақтар мен эксперименттерге рұқсат алуға көмектесті.
Басси Италиядағы Ньютон механикасының ең ірі популяризаторы болды. Рим Папасы оны 1745 жылы Бенедеттиниге (Қазіргі Папа Ғылым Академиясының аналогы) қосымша мүше етіп тағайындады. 1776 жылы ол эксперименттік физика кафедрасын алып, қайтыс болғанға дейін осы лауазымға ие болды. Ол Болоньядағы Corpus Domini шіркеуінде жерленген