Кордоба халифаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кордоба халифаты – Пиреней түбегінде 929 – 1031 жылдар аралығында салтанат құрған мұсылман мемлекеті. Пиреней түбегін арабтар мен берберлер жаулап алғаннан кейін Кордоба әмірлігі (756 – 929 жылдары) құрылып, астанасы Кордоба қаласы болған. Абдуррахман II 929 ж. өзін халифа деп жариялағандықтан әмірлік Кордова хилафатына айналды. Кордова хилафаты 10 ғасырдың аяғы мен 11 ғасырдың басында аса қуатты мемлекет болды. Кордова хилафаты билеушілері жікшілдік пиғылдағы араб-бербер тайпа көсемдерін талқандап, түбектегі христиан мемлекеттерімен жүргізілген соғыстарда үлкен жеңістерге жетті. Нәтижесінде Кордова хилафаты саяси-экономикалық жағынан айтарлықтай нығайып, сауда мен мәдениеттің өркендеуіне кең жол ашылды. Бірақ билеушілер арасында үздіксіз болып тұратын тақ таластары ел ішінде өзара соғыстар туғызды. Соғыстар кезінде бай қалалар қирап, егіншілікпен айналысқан аймақтар қаңырап бос қалды. 1031 ж. Кордова хилафаты бірнеше ұсақ әмірліктерге бөлініп кетті.
Кордоба халифаты араб.: خلافة قرطبة | |||||||
| |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Ең үлкен кеңеюі кезіндегі Кордоба халифаты (шамамен 1000 жыл) | |||||||
Астанасы | Кордоба | ||||||
Тіл(дер)і | арабша, мосарабша | ||||||
Аумағы | 600 000 | ||||||
Халқы | 6 000 000 | ||||||
Басқару формасы | монархия | ||||||
Династиясы | Умәйя әулеті | ||||||
Кордоба халифы | |||||||
- 929—961 | III Әбдіррахман | ||||||
Тарихы | |||||||
- 756 | Әмірліктің құрылуы | ||||||
- 929 | Халифатқа түрленуі | ||||||
- 1031 | Бірнеше тәуелсіз әмірліктерге — Тайфаға бөліну | ||||||