Контрацепция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Контрацепция (жаңа латынның contraceptio — шектеу сөзінен шыққан, сондай-ақ тууды бақылау не фертилдікті бақылау деп те аталады) — репродуктивті жастағы әйелдердің жоспарламаған жүктіліктің алдын алу үшін қолданылатын тәсіл.[1] Тууды бақылау мәселесі ежелгі дәуірден белгілі, алайда оның тиімді әрі қауіпсіз әдістері тек 20-ғасырда пайда болған.[2] Контрацепция әдістері жанұяны жоспарлау бағдарламасының негізгі құрамы. Кей мәдениеттер контрацепцияны ақылақтық, діни не саяси тұрғыдан жағымсыз деп санап, оны шектеуге не тежеуге тырысады.[2]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен АҚШ Ауруды бақылау және болдырмау орталықтары арнайы сырқаты бар әйелдеде тууды бақылау әдістерінің қауіпсіздігі жайлы нұсқаулық дайындаған.[3][4] Контрацепцияның ең тиімді әдістеріне стерилизация (ерлерде вазэктомия, әйелдерде түтікті лигация), жатыріші құрылғылар (ЖІҚ) мен имплант контрацепция.[5]
Контрацепцияның тиімділігін индекс Перля арқылы есептеумен анықтайды. Индекс Перля мөлшері аз болған сайын оның контрацептивтік тиімділігі жоғары болады.