Контейнер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Контейнер — автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара). Контейнерді пайдалану көлік ағыны айналымын жылдамдатады, жүкті бүлінуден сақтап, көлік кідірісін азайтады. Әртүрлі материалдан жасалып, әртүрлі пішінге ие болу мүмкін.
Контейнердің өлшемі мен сыйымдылығы оны тасымалдайтын көліктің мөлшеріне сәйкес келеді. Пайдалану мақсатына қарай әмбебап, икемделген және арнайы контейнер болып бөлінеді. Ең кең қолданыстағы контейнер түріне ISO-контейнерлері (әмбебап) жатады.