Клавдий II
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марк Аврелий Валерий Клавдий (лат. Marcus Aurelius Valerius Claudius), Клавдий II Готский есімінен көбірек танымал— 268—270 жылдардағы рим императоры. Өзінің басқаруы тұсында варварлық алеман тайпасымен сәтті соғыс жүргізді, сол сияқты Ниша тұсындағы шайқаста таңқаларлық жеңіске қол жеткізген готтармен соғысы оған "Готтық" деген атау берді. Алайда Клавдий Рим империясының қуаттылығы қалпына келтіру негізін қалағанымен, оның басқаруы аз уақыт қана еді: 270 жылы оба сырқатынан қайтыс болды. [1]
Клавдий келесі лауазымды иеленді: 269 жылдан бастап - "Германдық Ағзам", 269 жлдан бастап "Готтық Ағзам", 270 жылдан бастап - "Парфяндық Ағзам". Халықтық мінбе билігін 3 рет иеленді : 268 жлы (екі рет: наурызда және 10 желтоқсанда) және 269 жылы.[1]