Кито
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кито (ис. San Francisco de Quito) — кечуа үндістерінің астанасы. Эквадордың астанасы Кито Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде, Андыдағы тауаралық қазаншұңқырда, Пичинча жанартауынан алыс емес жерде, оның Оңүстік беткейінде теңіз деңгейінен 2818 м биіктікте орналасқан. Қаладан экваторға дейінгі қашықтық 24 км. Кито мен оның айналасының климаты таулы экваторлық.
Қала | |||||
Сан-Франциско-де-Кито | |||||
ис. San Francisco de Quito | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
ЭквадорЭквадор | ||||
Мэр |
Маурисио Родас | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
0°13′07″ о. е. 78°30′35″ б. б.0.21861° о. е. 78.50972° б. б. / -0.21861; -78.50972 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
6 желтоқсан 1534 | ||||
Жер аумағы |
290 км² | ||||
Орталығының биiктігі |
2850 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
2 671 191 адам (2014) | ||||
Тығыздығы |
8 300 адам/км² | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+593 2 | ||||
Пошта индекстері |
EC1701 | ||||
quito.gob.ec (исп.) | |||||
Ортаққордағы санаты: Сан-Франциско-де-Кито |
Қаланың теңіз деңгейінен елеулі биіктігі бұл жерде тропиктік ыстықтың болмайтынына жағдай жасаса, экваторға жақындығы жылдық температураның құбылуын төмендетеді. Кито аумағында жауын-шашын мөлшері жылына 1100-ден 1200 мм-ге дейін болады, негізінен, ол қыркүйектен мамыр айына дейін нөсер жауындар түрінде түседі.
Қала ылғалды бірден жұтып алатын, сөйтіп, эквадорға тән өсімдіктердің көбінің өсуін қиындататын жанартаулық күлдің үстіне салынған. XV ғасырда аумақты үндістердің мал жаюы үшін пайдалануы қазіргі уақытта Китоның айналасында аласа бойлы бұталардың сирек және жұтаң ормандарының қалыптасуына әкеп соқты.