Каррлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Каррлар, шраттар - жалаң карстты атыраптарға тән карсты бедердің ұсақ беткі пішіндері.
Үшкір қырлы қырқалармен бөлінген, қатар-қатар немесе лабиринт тәрізді тік қабырғалы атыздар түрінде (тереңдігі бірнеше см-ден 1—2 м-ге дейін) орналасады. Әктастардың және басқа тау жыныстарының бетін атмосфералық, сирегірек теңіз бен өзен суларының ерітуі нәтижесінде пайда болады. [1]Каррларды
- жарықтық,
- атыздық,
- науалық,
- қабырғалық,
- қуыстық, т.б. деп бірнеше типке ажыратады. Үлкен алаңды алып жатқан Каррлар каррлық өріс түзеді.
Алдымен әктас массивінің бетінде терең атыздар пайда болады. Каррдың жаралуы атмосфералық сумен байланысты. Көмір жықпылына байыған су жарықшақтарға еніп, олардың шеттерін ерітіп, біртіндеп шағын тесіктер мен шайылымдар жаралады. Судың бағытталған ағысы пайда болысымен, шайылымдар мен тесіктерде әктастың шаймалану процестері күшейеді. Нәтижесінде тар қырқалармен бөлінген атыздар мен науашалар жүйесі қалыптасады[2]