Кейп-Йорк және Арнемленд түбектері аралығында жатыр.
Аумағы 328 мың км², Ұзындығы 600 км., ең терең жері 71 метр.
Шығанақта Уэлсли және Грут-Айленд аралдары орналасқан. Карпентария шығанағы жағалауға сұғына енген. Кейп-Йорк, Арнемленд түбектерінің шеттері біртіндеп төмендеп, Карпентария шығанағының аккумуляттік ойпатына ұласады.
Суы жарты тәулікте бір көтеріліп (3,2 м-ге дейін) қайтады. Жағалауларына қатты ағысты көтерілу-қайту толқындары тән. Беткі суының айлық орташа температурасы қыс айларында 23 – 25С, жазда 29С.
Тұздылығы 34,8‰.
Жағалауларға жақын өңірде кен байлықтары көптеп кездеседі (марганец, алюминий, тағы басқа). Жағалауда тоғайлар өседі.