Кантабри таулары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кантабри таулары (Cordillera Cantabrica) — Испанияның солтүстік бөлігіндегі таулар. Бискай шығанағының оңтүстік жағалауын бойлай жатыр. Ұзындығы 500 км. Биіктігі. 2648 м. солтүстік беткейі тік жарлы, оңтүстік жағы жайпақ болып келеді. Палеозойлық кварциттен, әк тастан, мезозойлық құм тастан, доломиттен т.б. түзілген. Карст көп кездеседі. Тас көмір, темір, полиметалл рудалары бар. Климаты ылғалды. Жылдық жауын-шашыны 1000 мм. Емен, шамшат, қарағай, мәңгі жасыл жоғарғы жағында субальпі бұтасы мен альпі шалғыны өседі.