Канифоль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Канифоль (гр. πίσσα Κολοφωνία, лат. colophonia resina) - шыны тәрізді, ашық-сары түсті қатты зат. Ол қылқан жапырақты ағаштардан скипидарды айдағаннан кейін қалған заттардың құрамында болады. Тығыздығы 1,07 - 1,085 грамм/см^3, жұмсару температурасы 52-70С, суда ерімейді, эфир, ацетон, спирт, скиипидар, бензолда оңай ериді. Канифоль шайыр қышқылынан (80-95%) және құрамында метилхабикол, стилбен туындылары, альдегидтер т.б. болатын заттардан тұрады. Канифоль минералдық және органикалық негіздермен канифольды сабын деп аталатын тұздар, ал гидроксил тобы бар әр түрлі қосылыстармен канифоль эфирлерін т.б. бағалы өнімдер түзеді. Оның формуласы C19H29COOH (басты компоненті— абиетин қышқылы).