Канада провинциялары мен территориялары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Канада он провинция мен үш территориядан тұрады.
Провинциялар — Канада конституциясы бойынша өмір сүретін және федералдық үкіметке тәуелсіз, өз құзыреті шегінде жоғарғы билікке ие егеменді әкімшілік бірліктер.
Территориялар — қарапайым заң бойынша жергілікті әкімшіліктерге кейбір өкілеттіктер беретін Канада Федералды Парламенті басқаратын әкімшілік бірліктер.
Қазіргі он провинция: Альберта, Британдық Колумбия, Жаңа Шотландия, Квебек, Манитоба, Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Лабрадор, Онтарио, Саскачеван, Ханзада Эдуард Аралы.
Үш территория: Нунавут, Солтүстік-Батыс территориялары, Юкон