Испания әкімшілік бөлінісі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Испания - унитарлы мемлекет,бірақ Басков пен Каталонияның автономиясы кең.
Негізгі әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде автономдық бірлестік (ис. comunidad autonoma) танылады. Қазіргі таңда мемлкетте 17 автономдық бірлестік бар.Автономдық бірлестіктердің құрылуы Испанияның 1978 жылғы Конституциясында қарастырылады,(152.1 бабы автономдық бірлестіктердің институционалды негізін қарастырады ) -жалпы сайлаумен таңдалатын, құқықтық Ассамблея,атқаратын қызметтерімен Үкімет кеңесі және құқықтық Ассамблеясымен сайланатын автономдық бірлестік төрағасы),кейбір аудандар бірізділігін тек қана демократияға ауысқаннан кейін(мысалы — Мадрид, Риоха), тарихи облыстарға кірген,шекаралары провинция шекараларымен түйіскен.Автономдық бірлестіктердің өзіндік жарғылары бар;билікті одақ үкіметі орталық үкіметпен бөліседі.Автономдық бірлестіктердің өкілдік органы - парламенттер(Parlamento),Астурияда - бас басшы(Junta General),Мурсияда,Эстремадурада,Мадридте(автономдық бірлестік) - жиналыстар (Asamblea), Арагонда, Кастилия — Ла-Манчада, Кастилия и Леонда және Валенсияда(автономдық бірлестік) — палаталар (cortes), атқарушы органдармен — Галисиядағы, Эстремадурадағы, Кастилия — Ла-Манчадағы,Кастилия және Леондағы үкіметтер(Gobierno) -басшылық(Junta) ,Арагонда және Наваррада(автономдық бірлестік)- депутациялар(Diputación),Андалусияда және Валенсияда(автономдық бірлестік) - кеңестер (Consejo),әрбір атқарушы орган төраға(Presidente) мен кеңесшілерден (Consejero) тұрады.
Өз кезегінде автономдық бірлестіктер провинцияларға(provincias) бөлінеді,Африкадағы 2 автономдық (ciudades autónomas) қалаларды Сеута және Мелилья қосқанда 52 жуық провинция бар. Провинцияның өкілдік органдары,әрқайсысы төраға (Presidente) мен вокалдан (Vocal) тұратын - провинциалды депутациялар(Diputación provincial),атқарушы органдар - үкімет басшылығы(Junta de Gobierno).
Провинциялар комаркаларға бөлінеді,комаркалар муниципияға бөлінеді.Муниципияның өкілдік органы - аюнтамьенто (Ayuntamiento),атқарушы органы - жергілікті үкімет басшылығы(Junta de Gobierno Local),әрқайсысы алькальда (alcalde) және вокалдан (Vocal) тұрады.