Иса Мәсих
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иса (ивр. ישוע; Құранда — Иса Мәриямұлы Мәсіх (араб.: المسيح عيسى ابن مريم); Библияда – Иисус Христос (гр. Iησοũς Χριστός)) — ислам діні бойынша, Мұхаммедтің алдында Израиль ұрпақтарына жіберілген Құдайдың елшісі, пайғамбар. Оның пайғамбарлық дәрежесі христиандықта, исламда, баһаиде және бабиде мойындалады.
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Иса — Құранда аты аталған 25 пайғамбардың бірі. Оның есімі Құранда 25 рет аталады. Иса пайғамбардың жарық дүниеге келуінің өзі керемет болған, яғни Алла Тағала оны керемет ретінде әкесіз, яғни ер адамның қатысынсыз әйел затынан ғана жаратты.