Инчхон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Инчхон (кор. 인천, 仁川, ағылш. Incheon) — Корея Республикасының Корей түбегіндегі портты қала. Сеулдің Аванпортты Сары теңіздегі Канхваман шығанағында орналасқан. Инхчон халық саны бойынша Корей қалаларының ішінде Сеул мен Пусаннан кейінгі үшінші орындағы қала. Инчхон елдің транспорттық дәлізі, қалада үлкен порт топаралдың батыс жағалауында орналасқан, сонымен қоса елдегі ең үлкен әуежай Инчхонда. XXI ғасырда қала халықаралық бизнестік орталыққа айналуда, қала төңірегінде футуристік жоғары технологиялық жоба New Songdo City салынуда, онда елдегі ең биік ғимарат Northeast Asia Trade Tower (305 м) орналасқан.
Қала-метрополия | |||
Инчхон | |||
인천광역시 | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел |
Корея РеспубликасыКорея Республикасы | ||
Статусы |
метрополиялық қала | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
37°27′50″ с. е. 126°38′55″ ш. б.37.46389° с. е. 126.64861° ш. б. / 37.46389; 126.64861 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты |
1883 | ||
Бұрынғы атаулары |
Чемульпо кор. 제물포 | ||
Жер аумағы |
1,029.43 км² | ||
Уақыт белдеуі |
UTC+9 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
2 728 431 адам (2011) | ||
Тығыздығы |
2689 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы |
корейлер | ||
Ресми тілі | |||
Ортаққордағы санаты: Инчхон |
Инчхон порты Ханган өзенінің ағысына ыңғайлы Пусан портынан кейінгі екінші үлкен порт болуда. Порт 1883 жылы Чемульпо (кор. 제물포) деген атпен құрылған және халқы 4700 адам ғана болған. Қазір қаланың халқы серпінді өсіп қала халқы 2,5 миллионнан асқан. Инчхон шетел инвестицияларын тарту үшін еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) мәртебесін алған. Кореяда бұрыннан екі ЕЭА (екіншісі Пусан-Чинхэ) бар. Қала өзін қаржы орталығына айналуды мақсат етіп қойған.
Инчхон Сеулден кейінгі «екінші корей астанасы» деп жиі аталады. Инчхон Кореяның тәуелсіз әкімшілік-аумақтық бірлігі және басты қалаларының бірі.