Ингрида Шимоните
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ингрида Шимоните (лит. Ingrida Šimonytė; 15 қараша 1974, Вильнюс, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, КСРО) — литвалық саясаткер және экономист, 2020 жылдың 25 қарашасынан бастап Литваның премьер-министрі. Шимоните 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейін Кубилюстың екінші кабинетінде Қаржы министрі, ал 2016 жылдан бастап Антакальнис сайлау округінен шыққан Сеймнің мүшесі болды. 2019 жылы өткен Литва Президенті лауазымына сайлауда үміткер болған, бірақ екінші турда жеңіліс тапты. Отан Одағы партиясымен байласнысты болғанымен де Шимоните тәуелсіз саясаткер.
Ингрида Шимоните | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
11 желтоқсан 2020 жылдан бастап | ||||
Президент | Гитанас Науседа | |||
Ізашары | Саулюс Сквернялис | |||
| ||||
14 қараша 2016 жылдан бастап | ||||
Ізашары | Андрюс Кубилюс | |||
| ||||
7 шілде 2009 жыл — 13 желтоқсан 2012 жыл | ||||
Президент | Даля Грибаускайте | |||
Ізашары | Альгирдас Шемета | |||
Ізбасары | Римантас Шаджюс | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Отан Одағы партиясы | |||
Білімі | Вильнюс Университеті | |||
Дүниеге келуі | 15 қараша 1974 (1974-11-15) (49 жас) Вильнюс, Литва | |||
Қолтаңбасы | ||||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Шимоните Вильнюс қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Вильнюс университеті "бизнес" мамандығы бойынша бітірді, ал 1998 жылы магистр дәрежесін алды. Мансабын экономист және мемлекеттік қызметкер ретінде бастады, 2004 жылға дейін Қаржы министрлігінің салық департаментінің бастығы қызметін атқарды. Ол 2009 жылы Қаржы министрі лауазымына дейін министрліктің салық бөлімінде қызметте болды, аталған лауазымға тағайындалған соң оның алдында Ұлы рецессиядан Литва экономикасын ынталандыру міндеті тұрды. 2012 жылы ол Қаржы министрі қызметінен кетті, содан кейін Литва банкінің Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, сонымен қатар Вильнюс университеті кеңесінің төрағасы, Вильнюс университетінің Халықаралық қатынастар және саясаттану институтының экономика және ISM менеджмент және экономика университетінің мемлекеттік қаржы профессоры болды.
Шимоните 2016 жылы саясатқа оралды, ол 2016 жылғы парламенттік сайлауда Вильнюстегі Антакальнис сайлау округінің өкілі ретінде тәуелсіз кандидат болып сайланып, нәтижесінде Парламентте орын алды. 12 жылғы 2019 мамырдағы Президент сайлауының бірінші турында аз ғана артықшылықпен жеңіске жетті, содан кейін 26 мамырда өткен екінші турда Гитанас Науседадан кейін екінші орынға ие болды.
Ол 2020 жылғы парламенттік сайлауда Парламентке қайта сайланды, онда Отан Одағы партиясы көптеген орындарға ие болды. Сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін, Шимонитені Отан Одағы, Либералды қозғалыс және Бостандық партиясынан тұратын коалиция премьер-Министр лауазымына кандидат ретінде ұсынды және 25 қарашада қызметке кірісті, содан кейін 7 желтоқсанда оның кабинеті тағайындалды.