Ибн Сина
ортағасырлық ғалым, дәрігер, пәлсапашы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн Әл-Хасан ибн Әли ибн Сина (парсы: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі — ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ға жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған.
Ибн Сина | |
парсы: ابن سینا | |
Ибн Синаның Иран пошта маркасындағы портреті | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні |
980 (0980) |
Туған жері |
Афшана, Мәуереннаһр, Саманидтер мемлекеті |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Хамадан, Аббасилер халифаты |
Ұлты | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр |
Аристотелизм, Авиценизм |
Кезең |
Исламның алтын ғасыры |
Негізгі қызығушылығы |
Медицина, Философия, Логика, Астрономия, Химия, Биология, Поэзия, Калам |
Ықпал еткендер |
Мұхаммед, Гиппократ, Аристотель, Гален, Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әр-Рази, Әл-Мәсихи, Әбіл Хасан Ханкари |
Ықпалды жалғастырушылар |
Әл-Бируни, Омар Хайям, Ибн Рушд, Ибн Нафис, Ибн Туфайл, Әт-Туси, Шихабуддин Әс-Сухраварди, Әбу Убайд Әл-Жузжани, Хоссейн Насыр, Маймонид, Рене Декарт, Уильям Оккам, Томас Аквинат, Ұлы Альберт, Дунс Скот |
Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.