Жұқтыру
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұқтыру немесе Инфекция — ауру қоздырғыштарының адам немесе жануарлар ағзасына енуінен туындайтын әр түрлі жұқпалы үрдістердің түрлері (ауру, кесел қоздырғыштарын өзімен тасымалдау).[1]
Әрбір жұқпалы аурудың дерттенуі (патогенезі) сол аурудың қоздырушысы мен ағзаның оған жауап қайтаруының өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады және де ол осы микро және макроағзалардың бір-біріне әсер еткен кездегі ортаның жағдайына тәуелді болады. Бұл жағдайда қоздырушының денеге ену және таралу жолдарының да маңызы аз емес.