Жұртшы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын Жұртшылар туысының (лат. Neophron) бір жалғыз түрі, жыртқыш құс.
Жұртшы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ересек N. p. ginginianus
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Neophron percnopterus (Карл Линней, 1758) | ||||||||||||||
Distribution of the populations, birds breeding in Europe winter in Africa
|
Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді. Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,1 – 2,4 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады. Жыл құсы. Сәуірде келіп, құз, жыраларға ұялайды. Сәуірдің аяғында ұябасары 1 – 3 жұмыртқа салып, 40 – 42 күн басады, балапандары 2 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйекте жылы жаққа қайтады. Оңтүстік және Орта Азияда қыстайды. Әр түрлі өлексе қалдықтарымен, ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, пайда да келтіреді. Жұртшы – өте сирек кездесетін құс. Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996).