Жалтыршөп
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жалтыршөп (лат. Luzula) – елекшөптер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында, сондай-ақ тропиктік таулы белдеулерде тараған 80-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда таулы аймақтар мен ылғалы мол орманды жерлерде өсетін 6 түрі белгілі. Биіктігі 10 – 50 см, қысқа немесе төсемелі тамырлары бар өсімдіктер. Сабақтары қалың жапырақты. Жапырақтары ұзынша, жапырақ тақталары таспа тәрізді. Гүлдері қоңыр немесе жасыл түсті, сабақ ұшында біреу не бірнешеуден жетіледі. Олар сыпыртқы не себет гүлшоғырына топталған. Жаздың басында гүлдеп жемістенеді. Жемісі – үш қырлы қорапша. Тұқымы ұсақ, домалақ. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі.[1]
Quick Facts Жалтыршөп, Ғылыми топтастыруы ...
Жалтыршөп | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Luzula sylvatica
| ||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
түрлері | ||||||||||||
140 түрі белгілі |
Close