Евлия Челеби
From Wikipedia, the free encyclopedia
Евлия Челеби Дервиш Мехмед Зилли (осман: اوليا چلبى, түр. Evliya Çelebi; 25.3.1611 – 1679/82 кей деректерде 1683) – түрік саяхатшысы, 10 томдық “Саяхат кітаптарының” (“Саяхатнама”) авторы. Онда [[Осман сұлтандығы|Осман сұлтандығының]] Еуропа, Азия, Африка құрлықтарындағы иеліктеріне, сонымен қатар басқа елдерге (Польша, Австрия, Эфиопия) жасаған саяхаттары туралы жан-жақты жазылған. Эвлия Челебидің еңбегі – 17 ғасырдағы Оңтүстік және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс елдері, сондай-ақ Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Африка халықтарының географиясы мен тарихы жөнінде құнды деректеме болып табылады.[1]