Дүниежүзілік туризм ұйымы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүниежүзілік туризм ұйымы (ДТҰ, World Tourism Organization)) — халықаралық ұйым.
1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туризм ұйымы мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туризм ұйымының мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Хатшылықтың тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).[1]
Дүниежүзілік туризм ұйымы - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризм сферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтері Мадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).