Діни толерантсыздық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Діни толерантсыздық (ағылш. Religious intolerance) — өзгелердің діни сенімі мен діни қимылына толерантты болмау, немесе төзімсіздік, өшпенділік таныту, қарсы әрекет жасау.
Адамдардағы сенімдер мен ұстанымдардың әртүрлі болуы, тіпті қайшылықты болуы, мәлім этикалық алғышарттар аясындағы өзара пікірталас жасау, немесе дискуссия өткізу, өзара сын айтысу дегендер діни толерантсыздық болып есептелмейді. Діни толерантсыздық әсіресе мәлім топтардың (мысалы жалпы қоғамның, діни ұйымдардың, сондай-ақ діни емес ұйымдардың) әлдекімдердің діни сенімі мен қимылдарына қарата толерантты болудан ресіми түрде бас тартылғанда анығырақ көрініс табады.