Дэвис кубогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дэвис кубогы (ағылш. Davis Cup) - Халықаралық Теннис Федерациясы жыл сайын өткізетін ең ірі ерлер арасындағы командалық жарыс. Жүз жылдан асатын тарихы бар Дэвис кубогы ұлттық құрамалардың бейресми чемпионаты аталады. Мұнда командалар дәрежесіне қарай, үш топқа бөлінеді. Бірінші топ – әлемдік элита. Яғни әлемнің мықты құрамалары өзара жеңімпаздарды анықтайды. Екіншісі – аймақтық топтар (Америка, Еуропа/Африка, Азия/Мұхит аралдары). Үшіншісі – аутсайдерлер тобы. Осы жерде айта кетейік, төменгі топтың үздігі жоғарғы топқа өтсе, керісінше, жоғарғы топта аутсайдер атанған команда төменгі топқа түседі. Ал Қазақстан Дэвис кубогында Азия және Мұхит аралдары аймағында өнер көрсетеді. Ескерте кетер тағы бір жайт, Дэвис кубогында теннисшілер жекелей де, жұптасып та өнер көрсетеді.