Дронт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дронт - 400-ден астам жыл бұрын, 1598 жылы қанатсыз құс туралы алғашқы зерттелмеген деректер пайда болды. Оның аты додо немесе дронт еді. Дронттардың еуропалықтарға ертеден белгілі болғаны туралы ешқандай дәлел сақталмаған. Маврикий аралына голландтарға қарағанда 100 жыл бұрын XVI ғасырда барған португаль теңізшілері бұл құстар туралы жазбаша мәлімет қалдырмаған. Лиссабон жинақтарынан да дронт туралы мәліметті зерттеушілер таба алмайды. Дегенмен Үнді мұхитының төңірегін шарлаған голландықтар дронттарды бүкіл әлемге танытып, оларды жергілікті назар аударарлық затқа айналдырды. Маврикий аралына кеме керуені жеткеннен кейін айбатты голландық адмирал Якоб Корнелисзоон ван Нектің өзі осы аралдағы жолдарында тірі және қызықты көргендерінің барлығының тізбегін жазуға кіріседі. 1601-жылы оның жазба жолдарын латынша, ағылшынша және французша тілге аударады. Еуропаның ғалымдық әлемі оғаш ұшпайтын құс туралы білді. Ван Нек адмиралының күнделігінде мынандай сөздер бар: ”...олар біздің аққулардан үлкен, жартысына дейін мамықпен жабылған үлкен басы бар. Бұл құстың қанаттары жоқ. Құйрығы ішке қарай майысқан күл түсті қауырсындардан тұрады...” Қанат жайлы адмирал қателесті, олар болды, бірақ өте кішкентай. Шамамен үлкен құс 20-25 кг болған. Салыстыру үшін индюктар болса 12-16 кг болады. Дронттың төрт саусағы бар аяқтары да индюктікіне ұқсас. Бірақ та дронт индюкқа қарағандай ұзындау, 1 м-дей еді. Осы құстардың жалпы үш түрі бар. Осы үш түрі де бір-біріне тұмсықтарымен ұқсас екен. Дронттардың бүркіттікі секілді тұмсықтары болды. Латания пальмасының жемістері дронттардың бірден-бір тағамы болды. Әлемде тек латанияның үш түрі белгілі және олардың барлығы да тек қана Маскаренс аралдарында кездеседі. Бұл құста көптеген ерешеліктер мен оғаш заттар болды.