Гомер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гомер (көне грекше: Ὅμηρος – Хомерос; б. з. д. 12–8 ғасырлар шамамен) — Ежелгі Грекияның эпикалық ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Гомер шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде «Илиада», «Одиссея» дастандары 8–7 ғасырларда кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады.
Гомер | |
көне грекше: Ὅμηρος | |
Британ мұражайындағы Гомер бюсті | |
Туған күні |
б. з. д. 12 |
---|---|
Туған жері |
Белгісіз: Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афина |
Қайтыс болған күні |
б. з. д. 8 |
Қайтыс болған жері |
Иос, Ежелгі Грекия |
Ұлты | |
Қызметі |
Ақын, Рапсод |
Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны “ионий отарларының бірінде туған болуы керек” деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындатқанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. “Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар.
“Грек антологиясындағы” Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины – жеті қала Гомердің отаны деп аталады”, деп көрсетеді “Илиада” эпосын зерттеуші А.И.Зайцев (Гомер. Илиада. Л, 1990 жыл, 399 бет). В.П.Яйленко: “Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол “соқыр” деген мағынаға ие болған” деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан “тұтқын”, “соқыр” деп түсіндіруге тырысады...Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген “варвар” болуы да ғажап емес” деп тұжырады (В.П.Яйленко...33 бет, А.И.Зайцев... 400 бет).
Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада (Измирде): “төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақша шығарған да осылар”, деп мәлімдейді (Страбон. М, 1994. ХІV, 1, 3, 7. 604 бет).
Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.
Ғажабы сол – Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод “Еңбек пен күндер” поэмасында жазып қалдырған. “Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым” деп баяндалған (В.П.Яйленко...35 бет). [1]