Говард Шульц
From Wikipedia, the free encyclopedia
Говард Шульц (1953жылы 19 шілдеде өмірге келді) - американдық бизнесмен, халыққа көбінесе Starbucks директорлар кеңесінің төрағасы және CEO [1] деген лауазымымен белгілі.
1975 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, Солтүстік Мичиган Университетінен бакалавр дәрежесін алып шықты.
Шульц 1982 жылы Starbucks компаниясына жұмысқа тұрды. Ал 1985 жылы Il Giornale компаниясының негізін қалады. Сондағы мақсаты сол кездегі Sturbucks-тың негізгі саласы кофе дәндерін сатумен шектеліп қана қоймай, итальяндық тәрізде үздік қызмет көрсететін кофеханалар желісін ашу еді.
2 жылдан кейін Starbucks бұрынғы басшылығы жұмыс орнын ауыстыруды және Peet’s Coffee & Tea-ге көшуді жөн көрді. Starbucks болса Говард Шульц пен Il Giornale-ге сатылды.
Шульц Il Giornale-ні Starbucks-қа өзгертіп агрессивтi өктемдiк жолымен құрама штаттардың барлық аумағында Starbucks маркасымен кофеханаларының желiсiн кеңейттi .
2006 жылы Forbes журналы Говард Шульцті АҚШ-тағы 354-ші аса бай адам деп жариялады, ал оның қаражаты 1.1 миллиард долларға бағаланады.[2]