Герпесті вирус
From Wikipedia, the free encyclopedia
Герпесті вирус (лат. Herpesviridae) — вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру.
Герпесті вирус | ||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Патшалық | ||||||||
Тип |
Peploviricota | |||||||
Класс |
Herviviricetes | |||||||
Қатар |
Herpesvirales | |||||||
Тұқымдас | ||||||||
Туыс | ||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||
Herpesviridae | ||||||||
Қорғалу статусы | ||||||||
-
| ||||||||
Балтимур бойынша тобы | ||||||||
I: Қосжіпшелі ДНҚ-сы бар вирустар | ||||||||
|
Қазіргі күнде анықталған герпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Эпштейн-Барр вирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция). Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae). Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді:
- І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);
- ІІІ типы - VZV (zoster)-желшешек пен белдеуленген лишайды тудыратын вирус.
- ІV типы - Энштейн-Барр вирусы (EBV) (γ)-инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышы.
- V типы - цитомегаловирус (ZMV) (B), цитомегаловирусты инфекцияны тудырады.
- VI-VII типтері-лимфа жүйеге өтіп, иммунитеті төмен адамдарды келесі жағдайларға ұшыратады: генерализденген түрлері, энцефалиттер, пневмониялар, лимфаденопатия.
- VII типы - созылмалы шаршағыштық синдромының себебі деген ғылыми пікірлер бар.
- VIIІ типы (γ-типы) – 1994ж. ашылған. Тудыратын аурулары (иммунды жетіспеушілік кезінде) саркома Капоши, біріншілік лимфомалар, Kастлеманн ауруы
Қарапайым герпес (HSV І-ІІ типы) көбінесе тері және шырыш қабаттарының зақымымен өтеді, кейде ОНЖ, көз, ішкі ағзаларға түсіп өршуіне тиісті. Инфекция рецидивтермен араласып латентты түрінде өтеді.