Виктория (Ұлыбритания патшайымы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
патшайым Виктория (ағылш. Queen Victoria, 24 мамыр 1819 жыл, Лондон – 22 қаңтар 1901 жыл, Уайт аралы) — Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығының жетінші ханшайымы, 1876 жылдан өмірінің соңына дейін Үндістан патшайымы болды. Ганновер әулетінен шыққан ол — герцог Эдуард Август пен герцогиня Викторияның қызы болды. Виктория Ұлыбритания монархтарының арасындағы билікте ұзақ уақыт отырған билеушілердің бірі, ол 63 жыл және жеті ай үстемдік етті.
Виктория ағылш. Victoria | ||||
| ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 маусым 1837 — 22 қаңтар 1901 | ||||
Тәж кигізу жорасы | 28 маусым 1838 | |||
Ізашары | IV Уильям | |||
Ізбасары | VII Эдуард | |||
| ||||
1 мамыр 1876 — 22 қаңтар 1901 | ||||
Ізашары | лауазымы құрылды | |||
Ізбасары | VII Эдуард | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 24 мамыр 1819 (1819-05-24) Кенсингтон сарайы, Лондон, Англия | |||
Қайтыс болуы | 22 қаңтар 1901 (1901-01-22) (81 жас) Осборн-хаус | |||
Жерленді | Фрогмор-хаус, Уайт аралы, Англия | |||
Династия | Ганновер әулеті | |||
Туған кездегі есімі | Кент ханшайымы Александрина Виктория (ағылш. Princess Alexandrina Victoria of Kent) | |||
Әкесі | Эдуард Август, Кент герцогі | |||
Анасы | Виктория Саксен-Кобург-Заальфельд | |||
Жұбайы | Альберт Саксен-Кобург-Гот | |||
Балалары | Виктория, Альберт Эдуард, Алиса, Альфред, Елена, Луиза, Артур, Леопольд, Беатриса | |||
Қолтаңбасы | ||||
Монограммасы | ||||
өңдеу |
Виктория билік құрған жылдар "Виктория ғасыры" деп аталды. "Виктория ғасырында" біріккен корольдікте өнеркәсіп, әлеуметтік-экономикалық салалар және технология едәуір қарыштап дамыды. 1830 жылы Парламент уақытша басқару туралы заң қабылдап, анасы Виктория Сакскен-Кобургты уақытша билік жүргізетін регент етіп тағайындады.[1]