Видео ойын
From Wikipedia, the free encyclopedia
Видео ойын (ағылш. video game) — электронды құрылғының экранындағы бейнемен әрекеттесу арқылы ойналатын ойын. Осындай электронды құрылғы ретінде теледидарға қосылатын ойын приставкасы, арнайы аркадалық автомат, дербес компьютер, ұялы телефон қарастырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта «видео ойын» мен «компьютер ойыны» көбінесе синоним ретінде қарастырылады.
2011 жылы АҚШ-та компьютерлік ойындар ресми түрде жеке өнер түрі ретінде танылды.