Велоцираптор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Велоцираптор — жылдам жүгіретін екі аяқты динозавр. Ол — шамамен 75 — 71 миллион жыл бұрын ежелгі Бор дәуірінде өмір сүрген дромеозавридтер тобына жататын теропод. Динозаврдың артқа қарай майысқан 80 тісі өткір болған. Бассүйегі алға қарай шығынқы болып біткен. Кейбір тістерінің ұзындығы 2,5 см-ден асқан. Бұл жыртқыштың иілген мойыны, алдыңғы аяқтарында үш саусағы болған. Велоцираптордың бүгінде екі түрі белгілі. Бұл түрлер сипатталғанға дейін моңғолдық велоцираптор деп аталатын үлгісі анықталды. Биіктігі 60-70 см, салмағы 20кг болған.