Британ әскері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Британ[1] әскерінің құрамында 120 000 сарбаз бар. 2020 жылы құрлықтағы британ қарулы күші қайта жаңармақ және қызметкерлер саны 82 000-ға жетеді. Британ әскері жеті бригададан құралған. Оның бірі – әуе десанты, үшеуі брондалған механикалық бригада, тағы бір үшеуі жаяу әскер бригадасы болады. Америкалық жасақ секілді британ әскері де жаңа жүйе бойынша қаруланған. «Challenger II» негізгі танкі мен жаяу әскердің «Warrior» көлігі механикалық бөлімдерде қолданылып жүр. Ерекше жағдайдағы және арнайы операцияларды орындауға арналған британ армиясының құрамы да аса үлкен емес, бірақ олар әлемнің ең мықтыларының қатарында. Қарулы күш 16 әуе-десанттық бригадасы бар үш десантты батальоннан тұрады. Және де онда атақты 22-арнайы әуе қызметінің (SAS) полкі бар. Сондай-ақ, патшаның құрлықтағы әскери күшті негізге алған 8000 теңіз десанты әскери-теңіз күші басқармасына қарайды.[2]