Бреттон-Вудс Жүйесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бреттон - Вудс Жүйесі, Бреттон - Вудс Келісімі (ағылшынша Bretton Woods system) – Бреттон - Вудс конференциясы (1944 жылы 1–22 шілде аралығы) нәтижесінде орнатылған ақша қатынастары мен сауда алыс - беріс (есептесу) ұйымдастырылуының халықаралық жүйесі. Атауы АҚШ, Нью - Хэмпшир штаты Бреттон - Вудс (ағылшынша Bretton Woods) шипажайына байланысты пайда болды. Жүйе Халықаралық Қайта құру және Даму Банкісі мен Халықаралық Валюта Қоры сияқты ұйымдардың құрылуына бастама берді. АҚШ доллары алтынмен қатар әлемдік ақша түріне айналды. Бұл сұраныс пен ұсыныс негізіндегі алтын ұранды жүйеден (стандарт) еркін конвертацияға өтпелі кезең болып табылады.