Бозбас пайыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бозбас пайыз (лат. Carduelis caniceps) – торғайтәрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Кейде кәдімгі пайыздың (Carduelis carduelis) түршесі деп саналады. Қазақстанның шығысы мен оңтүстікіндегі таулы аудандарда, орманды жерлерде кездеседі. Ауыл мен қалалардағы бау-бақшаға, көше бойындағы ағаштарға да қоныстана береді. Өткір, ұзын тұмсығының төңірегінде қызыл жолағы, қанаттарында ашық сары дағы болады. Арқа жағының түсі бозғылт, кеудесіндегі 2 үлкен жолағының түсі қоңыр сұр келеді. Қанаттарының ұзындығы 12 см-дей, салмағы 15 – 23 г. Даусы ашық, үні – әуенді. Ұяларын 2 – 20 м биіктікке, ағаштар мен бұталардың басына салады. 3 – 5 жұмыртқаны мекиендері 12 – 13 күнде басып шығарады. Жылына 2 рет жұмыртқалайды. Бозбас пайыз арамшөптермен, зиянды жәндіктермен қоректену арқылы ауыл шаруашылығына және орман шаруашылықтарында едәуір пайдасын тигізеді. Әсем даусы үшін оны үйде де ұстайды.[1]
Бозбас пайыз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Carduelis caniceps (Vigors, 1831) | ||||||||||||||
Carduelis carduelis
1 жазда 2 жыл бойы Carduelis caniceps 3 жазда 4 жыл бойы |