Биологиялық қорғаныш рең
From Wikipedia, the free encyclopedia
Биологиялық қорғаныш рең (Биологическая защитная окраска) — организмдердің кейбір түрлік дарақтарының өзін-өзі қорғау үшін жеуге жарамсыз, улы болып көрінетіндей әр алуан алдамшы реңдерге (түстерге) боялуы[1]. Реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы. Мысалы, ханқыз қоңызына (қызыл, сары, қоңыр, күрең қызыл, айқын жолақты, т.б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен құстар еш уақытта жоламайды. Абайсызда құс балапаны бұл қоңызды шоқып қойсы, енді қайтып жақындамайды. Өлексе қоңыз жағымсыз иісті күйдіргіш сұйықтық бөледі, қоңыздың реңі өте айқын қызыл, қара жолақты.[2]