Бағаналы жасуша
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бағаналы жасуша (ағылш. Stem cell) — көпжасушалы организмдердегі дифференциаланбаған, немесе ішінара дифференциаланған жасушалар болып, олар жасушалардың әртүріне өзгере алады, немесе өзі секілді бағыналы жасаушаларғ бөлініп көбейе алады. Олар жасуша линиясында (cell lineage) жасушаның алғашқы нұсқасы есептеледі. Олар эмбриондық және жетілген организмдерде кездеседі, бірақ әр түрінің өзіне тән ерекшелігі бар. Олар әдетте, шексіз бөліне алмайтын бастауыш жасушалардан және әдетте бір жасуша түріне бөлінуге міндеттелген прекурсорлардан өзгеше болады.[1]
Бағаналы жасуша - бұл организмдегі арнаулы жасуша түрлеріне айналу қабілеті бар жасуша. Болашақта олар аурудың салдарынан зақымдалған немесе жоғалған жасушалар мен тіндерді ауыстыру үшін қолданылуы мүмкін.
Сүтқоректілерде эмбрион дамудың бластоциста кезеңінде, шамамен 5-14 күн уақытта 50-150 жасуша ішкі жасуша массасын құрайды. Бұлардың бағаналы жасушалық қабілеті бар. Тірі ағызада (In vivo), олар соңында дененің әртүрлі жасушалық түрлеріне бөлінеді (олар плурипотентті болады). Бұл процесс гаструляция сатысында үш жыныстық қабатқа - эктодерма, мезодерма және эндодермаға дифференциациялаудан басталады. Алайда, олар оқшауланғанда және өскенде, олар бағаналы жасуша сатысында сақталуы мүмкін және эмбриондық бағаналы жасушалар (ESC) деп аталады.
Көпжасушалы ағзалардың дамуы әдетте зигота деп аталатын бір бағаналы жасушадан басталады. Көптеген бөлу циклдары мен дифференциациялау процесінің нәтижесінде, белгілі бір биологиялық түрге тән барлық клеткалардың түрлері қалыптасады. Бұл клеткалар адам ағзасында 220-ден астам болады. Бағаналы жасушалар ересектер денесінде де сақталады, соның арқасында тіндерді және мүшелерді қалпына келуі іске асады. Дегенмен, қартаю процесінде денедегі олардың саны азаяды.
Осызаман медицинасында адамның бағаналы жасушаларын трансплантациялау, яғни терапевтік мақсаттарға пайдалануға ауысты. Мысалы, гемопоэтически бағаналы жасушаларды трансплантациялау лейкемия мен лимфоманы емдеуде гемопоэзі процесін қалпына келтіру үшін жасалады.