Баллиолдар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Баллиолдар (Бэллиолдар) (ағыл. Balliol) — XIII және XIV ғасырдың басында Шотландия патшалығының тағына ие болған ағылшын-шотландық ақсүйек әулеті.
Баллиол әулетінің негізін қалаушы - нормандық рыцарь Ренар де Байель (фр. Renard de Bailleul), Англияға 1066 жылы Вильгельм Жаулаушының әскерімен бірге келген. Оның ұлы және мұрагері Бернард де Байельге патша Дарем мен Нортумберлендтен жер берді. Ол Барнард қорғанын салып, 1-ші Барнард-Касл бароны атанды.
5-ші Барнард-Касл бароны, Джон де Баллиол, 1223 жылы Шотландияның оңтүстік-батысындағы ауқымды кельттік Галлоуэй графтығының мұрагерлерінің бірі, Галлоуэйлік Дерворгилаға үйленді. Джон Баллиол және оның әйелі Оксфорд университетінің алғашқы колледждерінің негізін қалаушысы ретінде танымал. Дерворгила анасы, Шотландық Маргарита жағынан шотландық королдер Малкольм IV мен Вильгельм Арыстанның інісі Хантингдондық Дәуіттің немересі. Бұл Дерворгилдың ұлы Иоанн Баллиолға 1290 жылы Данкельд әулетінің соңғы өкілі, ханшайым Маргарита қайтыс болғаннан кейін шотланд тағына талап етуге мүмкіндік берді.