Ақбас құмай
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Quick Facts Ақбас құмай, Амандық күйі ...
Ақбас құмай | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Окленд хайуанаттар бағы, АҚШ
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Gyps fulvus (Hablizl, 1783) | ||||||||||||||
Жасыл: жыл бойы мекендейтін аумақтар
|
Close
Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен 30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген.[2]