АҚШ президенттерінің тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ президенті — Америка Құрама Штаттарының атқарушы билігінің басшысы. Лауазым 1787 жылы Конституциялық жиын қабылдаған АҚШ Конституциясымен енгізілген. АҚШ-тың алғашқы президенті Джордж Уошингтон болып табылады.
АҚШ президентін сайлау 1789 жылдан бастап жүргізіледі. Егер президент екінші мәрте сайланып, өкілеттілігін жалғастырған болса, бір президенттік болып нөмірленеді (мысалы: екі мәрте сайланған Джордж Уошингтон АҚШ-тың бірінші және екінші емес, тек бірінші президенті болып табылады.). Тек Гровер Кливленд ғана АҚШ-тың 22-ші және 24-президенті болып есептеледі. Франклин Делано Рузвельт — төрт мәрте президенттікке сайланған АҚШ тарихындағы жалғыз тұлға. Уильям Гаррисон — билік басында ең қысқа мерзім болған президент (1841 жылдың наурыз және сәуір айлары). Америка президенттерінің сегізі қызмет барысында қайтыс болған. Төртеуі (Уильям Генри Гаррисон[1], Закари Тейлор[2], Уоррен Гардинг[3] және Франклин Д. Рузвельт) өз өлімімен қайтыс болса, төртеуі адам қолынан қаза тапқан: Авраам Линкольн, Джеймс Гарфилд, Уильям Мак-Кинли[4] мен Джон Кеннеди және біреуі Ричард Никсон қызметінен отставкаға кеткен[5].