АҚШ монетасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ монетасы – АҚШ-тың Теңге сарайында соғылған монеталар. 1792 жылдан бастап қазірге дейін шығарылады[2].
2010 жылдың екінші жартысында кең айналымдағы монеталардың көрсетілген бағасы:
1 цент (1 ¢) – күнделікті тұрмыстағы атауы пенни (ағылш. -penny-)
5 цент (5 ¢) – күнделікті тұрмыстағы атауы никель (ағылш. -nickel-);
10 цент (10 ¢) – монета күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де дайм (ағылш. -dime- — француз тілінен келген disme сөзі, мағынасы ондық бөлік, он тиын) деп атайды.
25 цент (25 ¢) – күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де квотер(ағылш. -quarter- — орыс. -Четверть-) деп атайды.
1 доллар (1$) — күнделікті тұрмыстағы атауы бак (ағылш. -buck-).
50 центтік монеталар (күнделікті тұрмыста да, номиналды белгісінде де хаф (ағылш. -half- — орыс. -половина-) деп аталады) шағын таралыммен, негізінен коллекция жинау үшін шығарылады. Тек аз ғана бөлігі айналымға түседі.
Сонымен қатар ескерткіштік, мерейтойлық және инвестициялық монеталар да соғылады.