Арон Раймон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арон Раймон [1905-1983] - көрнекті француз саясаттанушысы, әлеуметтанушысы, философы әрі публицисі. Кең таралған индустриалды қоғам, технологиялық детерминизм және идеологиясыздандыру тұжырымдамалары авторларының бірі, либерализмнің жақтаушысы, марксизм мен коммунизмнің қарсыласы.[1] Арон Раймонды ғалым ретінде саяси-әлеуметтік ой тарихы, философия мен әлеуметтану, халықаралық қатынастар мәселелері, адамзат болашағы толғандырды. Арон Раймон негізгі еңбектері:
- "Зиялы қауымға арналған апиын" (1955)
- "Тарихи сананың өлшемі" (1961)
- "Ұлттар арасындағы татулық пен соғыс" (1962)
- "Индустриалды қоғам жайлы он сегіз дәріс" (1962), "Дамудан көңіл қалу" (1963)
- "Ұлы жанжал" (1963), "Тап күресі" (1964)
- "Еркіндік жайлы эссе" (1965)
- "Демократия және тоталитаризм" (1965)
- "Әлеуметтік ілімнің даму кезеңдері" (1967)
- "Соғыс жайлы ойлану: Клаузевиц" (1976)
- "Торыққан Еуропаны жақтау" (1977) және т.б.