Антонио Лучо Вивальди
From Wikipedia, the free encyclopedia
Антонио Лучо Вивальди (итал. Antonio Lucio Vivaldi; 4 наурыз 1678 жылы, Венеция — 28 шілде 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады [1].
Антонио Лучо Вивальди итал. Antonio Vivaldi | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты |
Antonio Lucio Vivaldi |
Туған күні | |
Туған жері |
Венеция, Венеция республикасы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет |
Венеция республикасы |
Мамандықтары |
композитор, педагог, діни қызметкер |
Аспаптары | |
Жанрлары | |
Ортаққордағы Аудио, сурет, видео |
Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестрлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы[1].