Алексей Андреевич Аракчеев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алексей Андреевич Аракчеев (4.10.1769 (23.9), Новгород губерниясы - 3.5.1834 (21.4), Грузино, Новгород губерниясы[2].) - Павел І[3]., Александр І патшалардың тұсында аса қатыгез , әпербақан сарайман; граф, артиллерия генералы[4].
Алексей Андреевич Аракчеев | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Новгород губернииясы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Грузино, Новгород губерниясы |
Азаматтығы | |
Мансабы |
артилерия генералы, әскери министр. |
Әкесі |
Андрей Андреевич Аракчеев (1732—1797) |
Анасы |
Елизавета Андреевна |
Жұбайлары |
Наталья Федоровна Хомутова[1] |
Марапаттары |
Киелі Александр Невский ордені, Киелі Иоанн Иерусалим ордені, Киелі Анна ордені (1 дәрежеде) |
1808-10 жылдары - әскери министр, 1810 жылдан Мемлекеттік советтің әскери істер департаментінің төрағасы[5]. Аракчеев бүкіл ел басқаруды өз қолына жинақтады. Көп мәселе жөнінде патшаға тек өзі баяндап тұрды. Үкімет мүшелері оның ұсынысы немесе кеңесі бойынша тағайындалып яки қызметтен босатылып жатты. Николай І тұсында әскери қоныстардың (1817 жылдан) жоғары бастығы болды. Жұмыста полициялық асқан қатыгездік, әскери дерекілік көрсетті (аракчеевшілдік деген осыдан шыққан). Александр І өлгеннен кейін Аракчеев ықпалынан айрылды. Бірақ аракчеевшілдік Николай І тұсында да сақталды.