Адмирал Нельсон
From Wikipedia, the free encyclopedia
Горацио Нельсон (ағылш. Horatio Nelson; 29 қыркүйек 1758, Бернем-Торп, Норфолк графтығы — 21 қазан 1805, Трафальгар, Испания)- британдық адмирал. Норфолк графтығындағы Бернем-Торп деревнясында священник Эдмунд Нельсонның көп балалы отбасында 1758 жылғы 29 қыркүйекте дүниеге келген Горацио Нельсон 12 жасында өзінің нағашысы капитан Морис Саклингтің кемесіне теңізшілікке қабылданып, 6 жыл бойы тулаған толқындармен тайталаста жүреді, тіпті Арктика экспедициясына да қатысады, Кариб теңізінде британ кемелерін күзетіседі, шхунаға билік етіп, адмирал Паркердің “Бристоль” кораблінде бірінші лейтенант лауазымына дейін өседі. 1778 жылдың желтоқсанында коммандор атағын алған Нельсон 20 жасында “Бэджер” бригінің командирлігіне тағайындалады.
Үлгі:Dmy
Vice-Admiral The Viscount Nelson | |
---|---|
29 September 1758 –
1805 ж. қазанның 21 (47 жаста) | |
Vice Admiral Horatio Lord Nelson, by Lemuel Francis Abbott | |
Place of birth | Burnham Thorpe, Norfolk, England |
Place of death | Cape Trafalgar, Spain |
Allegiance | United Kingdom of Great Britain and Ireland |
Service/branch | Royal Navy |
Years of service | 1771–1805 |
Rank | Vice Admiral of the White |
Battles/wars | Battle of Cape St Vincent Battle of the Nile Battle of Santa Cruz de Tenerife Battle of Copenhagen Battle of Trafalgar |
Awards | Several (see below) |
Адмирал Нельсон – соғыс тарихына алтын әріптермен жазылатын есім. Британия флоты дегенде біздің аузымызға алдымен Нельсонның аты түседі. Күні бүгінге дейін теңіз романтикасы санаға жаппай сіңе қоймаған, құрлықтың қақ ортасындағы Қазақстан сияқты елдердің өзінде “Адмирал Нельсон” атауы ресторан, кафе, барларға қойылып жатады, өйткені, Нельсон есімі бүкіл әлемде еркіндіктің бір белгісіндей болып, бүгінгі тілмен айтсақ, брэндке айналып кеткен. Оның Ямайкадағы, Багам аралдарындағы, Вест-Индиядағы, Никарагуадағы, Америка Құрама Штаттарымен соғыс кезіндегі қолданған тактикалық жаңалықтары соғыс-теңіз шайқасының классикалық үлгілері қатарында қаралады.
Нельсон қатысқан шайқастардың ұзын саны… 124! Бұл әлемдік флотилиядағы рекордтық көрсеткіш саналады. Адмиралдың асқан ақылы, алпыс екі айлалы шалымдылығы ағылшын эскадраларын талай тығырықтан алып шыққан, талай жерде жарқын жеңіске жеткізген. Жүрек жібітер жан жомарттығы (бірде жағадан ұзап кеткен фрегатты кері қайырып, гардемариндердің біріне ата-анасының жазған хатын аяқтап шығуына мүмкіндік бергені бар) жан түршіктірер қатыгездігімен (кемеде бүлік бастауға әрекет еткендерді мачтаға дарға астырып қойған кезі де бар) адмиралдың ержүректігі, шыдамдылығы, төзімділігі, қайсарлығы, шын мәнінде, қайран қалдырарлықтай. Шайқастардың бірінде картечь оғы сол қолын тұтасымен жұлып әкеткен кезде дәрігерлер шынтақтан білезік буынға дейін анестиктер қолданбай кесіп тастауға мәжбүр болады, сонда сабазың әлгіндей азапқа үн шығармай төзіп жатады. Тағы бір шайқаста снарядтың жарықшағы көзін ойып түскенде де бар уайымы осы кемістігіме байланысты флоттан кетуге тура келер ме екен деген ой ғана болады. Айтқандай, оның осы соқыр көзіне байланысты мынандай да оқиға бар. Бір шайқас барысында алдыңғы шептегі корабльден ұрысты тоқтатып, кері шегіну жөнінде шартты белгі беріледі. Қарамағындағылар ол белгі жайында Нельсонға мәлімдейді. “Ұрыстан шығыңдар деп жатыр ма?” – деп сұрайды командир. “Иә, ұрыстан шығыңдар деп жатыр”. “Кімнен, қайдан түсіп жатыр ол белгі?”. “Ана жақтан, сенбесеңіз өзіңіз көріңізші”. Сөйтеді де орынбасары Нельсонға дүрбі ұсынады. Нельсон дүрбіні соқыр көзіне тақап: “Ешқандай белгі көріп тұрған жоқпын! Ұрысты жалғастырамыз!”, дейді… Сол шайқас ақыры ағылшын флотилиясының жеңісімен бітеді. Бұйрықты орындамағаны үшін әскери соттың алдынан табылуға тиіс Нельсонға тосын да батыл шешімі үшін контр-адмирал атағы беріліп, кеудесіне орден тағылады. “Жеңімпаздарға жаза жүрмейді” (“Победителей не судят”) деген қанатты сөз сол шайқастан кейін тараған.
Тарих соғыстың екі данышпанын – Наполеон мен Нельсонды бір заманда дүниеге келтірді. Олар бір-біріне өлердей өш болды, бойға біткен бар дарынын бір-бірінің көзін құртуға жұмсады. Англия мен Францияның арасындағы соғыстың ең айтулы шайқастарының бірінде Нельсон Наполеон флотын тас-талқан етіп, оның бүкіл Египет компаниясының бағыт-бағдарын өзгертуге тура келеді. Нілдің сағасындағы Абукир бұғазында 1798 жылғы 1 тамызда болған ол шайқас нәтижесінде ағылшындар 13 француз кемесінің 11-ін суға батырған, өздерінің шығыны жоққа жуық. Абукир шайқасынан кейін Нельсон ұлттық батырға айналды. Ұлыбритания халқы апта бойы тойлап, шіркеулерде Нельсонның атын атап мінәжат етіп жатты.
Нельсонға пэр атағы, лорд даңқтамасы берілді, Британия парламенті оның өзін былай қойғанда, айналасындағы жамағайындарына да өмір бойғы зейнетақы белгіледі, түрік сұлтаны өзінің асыл тастармен безендірілген сәлдесін сыйлап, орыс императоры жақұттармен көмкерілген суретін жолдап жатты. Нельсонда енді бәрі дерлік бар еді. Бәрі дерлік…